Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанның бүгінгі қуаты 90-шы жылдардағы 20 Қазақстанмен пара-пар - Мәми

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бүгінгі қуаты 90-шы жылдардағы жиырма Қазақстанмен пара-пар. Бұл туралы бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын барысында ҚР Жоғарғы сотының Төрағасы Қайрат Мами айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның бүгінгі қуаты 90-шы жылдардағы 20 Қазақстанмен пара-пар - Мәми

«Бүгінгі барлық әңгіме тәуелсіздігіміздің тамаша  табыстары туралы болмақ. Жаңа ғана сіз өз сөзіңізде Тәуелсіздік жылдары еліміздің ішкі жалпы өнімі 20  есеге артқанын айтып кеттіңіз. Бұл бүгінгі Қазақстанның қуаты 90-шы жылдардағы 20 Қазақстанмен пара-пар деген сөз. Яғни, осы жылдар ішінде еліміз қуаты жағынан 20 Қазақстанға көбейді. Ондай жетістіктердің бәрі өзіңіздің батыл шешімдеріңіз және салиқалы саясатыңыздың арқасында жүзеге асты. Тарих үшін қас қағым сәтте заң үстемдігі  салтанат құрған құқықтық демократиялық мемлекет  қалыптастырып, тұрақты дамуына жағдай жасадыңыз. Еуразия кеңістігінің жарық жұлдызына айналған жаңа елордамыз Астана қаласын Отанымыздың жүрегі ұлттық жаңғырудың байтағына айналдырдыңыз. Аймақта және әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында Қазақстанды халықаралық сұхбат алаңы  татулық ордасы ретінде таныттыңыз. Тәкаппарды ақылмен тәубәсына келтіріп, өткел бермес өзенге көпір салып, жақтас пен жоқтастың сауабын алдыңыз. Толеранттылық пен елдік ұйысудың асыл бесігін тербетіп, түрлі этнос пен ұлт өкілдерін Мәңгілік ел идеясы төңірегінде топтастырдыңыз», - деді Қайрат Мәми  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата.

Сонымен қатар ол Тәуелсіздігімізідң туы көгімізде желбіреген 25  жыл ұлтымыздың қанында мемлекет құру қабілетінің  мол екендігін дәлелдегендігін баса айтты.

«25 жыл ішінде Қазақстан алпауыт мемлекеттермен иық тірестірді. Қазақ  елі әлемді тану мен танытудың кеңістігіне шықты. 25 жыл ішінде әлем жұртшылығының санасында Қазақстан, Нұрсұлтан дейтін қос сөз біте қайнасқан ұғымға айналды. 25 жыл ішінде иығы түсіп, еңсесі жаншылған елдің өңі де, түр-сипаты да, сана-сезімі де өзгерді. Өмір аренасына интеллектуалды қоғам орнатудың жолын таңдаған жалыны мен білімі мол жас  ұрпақ келді. 25 жылда өлгеніміз тірілді, өшкеніміз жанды. Біртұтас ел болып, алдыңғы көшті адастырмадық, бүгінгі көшті жаңылыстырмадық. Халқымыз бірлікті ту етті»., - деді Мәми.