Қазақстанның даму банкі мен түріктің «Серамист» ЖШС арасында Қостанай қаласында керамика тақтайшаларын шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды

СТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін «Тұргыт Рейс» түрік компаниясы мен мемлекеттік «Қазақстанның даму банкі» арасындағы ынтымақтастықтың екінші кезеңінің аясында «Тұргыт Рейс» компаниясы акционері болып отырған «Серамист» ЖШС мен ҚДБ арасында Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын инвестициялық жобаны бірлесе жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Аталмыш келісімнің аясында «Қостанай қаласында керамикалық тақтайшалар шығаратын зауыт құрылысы» инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланған, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
None
None

Қол қойылған келісімге сәйкес Қазақстанның даму банкі «Қостанай облысындағы керамика шығаруды ұйымдастыру» инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімге несие беруді қарастырады. Жобаның жалпы көлемі 69,9 млн. еуроны құрайды.

Жоба іске асырылған соң жылына 16 млн. шаршы метр керамика өндіретін өндіріс іске қосылады, бұл 450 адамды жұмыспен қамтиды.

Бұдан бұрын, 2009 жылғы қазанның 23-інде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрік Республикасына жасаған ресми сапары аясында өткен қазақстан-түрік бизнес форумы барысында «Қазақстанның даму банкі» АҚ мен «Тұргыт Рейс» компаниясы Шымкент қаласында жылдық қуаты 2,5 млн. шаршы метр болатын керамикалық гранит өндіретін инвестициялық жобаны бірлесе жүзеге асыру туралы келісімге қол қойған еді. «Азия Керамик» ЖШС жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаны ағымдағы жылы Қазақстан Президенті ресми түрде ашқан болатын.

Соңғы жаңалықтар