16:07, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстанның экономикалық жағдайы нығая түсетініне сеніміміз мол ? Ж. Лемьер
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің экс-президенті Жан Лемьерді қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуден кейінгі брифингте ҚР Президентімен әлемдегі және Қазақстандағы экономикалық жағдай жөнінде пікір алмасқанын жеткізген Ж. Лемьер, «Атап айтқанда біз Еуропаның, Американың, Азияның экономикалық секторындағы, сондай-ақ банк және нақты экономика секторындағы қалыптасып отырған жағдайды талқыладық», деді. Дағдарыс кезінде Қазақстанның экономика саласында атқарып жатқан шараларына оң баға берген ол, «Біз Қазақстан экономикалық жағдайын нығайта түсетіне сенімдіміз», деді.
Мұнымен қоса Ж. Лемьер Елбасымен алдағы уақытта атқарылатын шараларға байланысты кеңінен пікір алмасқанын атап өтті.