Қазақстанның экспорттаушылары Өзбекстан арқылы өтетін жүк тасымалындағы мәселелерді атады

«Ауғанстанға баратын өтпелде өзбекстандық шекара жиі жабылып тұрады. Атап айтқанда, бізде аталған бағытта тұрақты экспорт бар, ал осы тұрғыда Өзбекстан шекарасынан өту қиындықтар туғызады. Бұл Ауғанстанға экспорт үшін жалғыз жол. Құжаттары түгел вагондарды алып, өнімді тиейміз. Қайдағы бір жеделхаттарды келіскенше, бізге өтуге рұқсат бермегендіктен вагондар тұралап қалады. Яғни, бұл жүйелік маңызға ие болып отыр. Осы жерде Өзбекстанның кеденшілері негізгі ойыншы болуда. Ал өзбекстандық экспорттаушыларда Қазақстанда ешқандай проблема жоқ. Біз Өзбекстаннан жаңғақтарды және басқа да шикізаттарды еш кедергісіз алдыртамыз. Бұдан бөлек, өзбекстандық транзит құны жағынан тым жоғары»,- деді «Рахат» АҚ президенті Анатолий Попелюшко.
Өз кезегінде Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Өзбекстанмен арадағы осы мәселені үкіметаралық деңгейде шешу керектігін атап өтті. Осы орайда, аталмыш жүк тасымалы шараларын Үкімет отырысы деңгейінде қарастыру ұсынысы жасалды.