Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының ресми ашылуына орай Венада бірқатар маңызды мәдени шаралар өткізіледі

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының ресми ашылуы барысында, нақтырақ айтқанда қаңтардың 13-і күні Венада бірқатар маңызды мәдени шаралар өткізу жоспарланған.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифинг барысында аталмыш ведомствоның ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда, осы қаңтардың 13-і күні Хофбург сарайындағы қазақстандық кеш ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабының австриялық нұсқасының тұсаукесерімен ашылады. Бұндай рәсімнің барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев сөз сөйлейді деп күтілуде. Салтанатты бағдарламаны қазақстандық өнер шеберлерінің гала-концерті жалғастыратын болады. Кеш бағдарламасын төрағалық атынан өткізілетін ресми қабылдаулар тамамдайды», деді А. Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар