Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Шығыс-Батыс қатынастарын «жеңілдетуге» итермелейді - ресейлік сенатордың пікірі

У. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Кеше, дүйсенбі күні Ресей Федерациясы халықаралық істер жөніндегі кеңесі  комитетінің төрағасы Михаил Маргелов Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Шығыс-Батыс қатынастарын «жеңілдетуге» итермелейтінін айтты.
None
None

Сенатордың пікірінше, қазіргі уақытта ЕҚЫҰ жұмысындағы оң өзгерістер үшін белгілі бір жағдайлар Ресей-Америка қатынастарын «жеңілдетеді». Бұл  өзгерістер, ең алдымен, Ұйымның үш - әскери-саяси, экологиялық және гуманитарлық бағытына қатысты.

 «Қазақстан осы бағытта келісім жасай алады - ол Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздерге ғана негізделмейді. Қазақстанның қауіпсіздік бөлігінде өзіндік әзірленімдері бар. Мысалы, Қазақстан ЕҚЫҰ-ға кең көлемді бағдарламамен келеді. Бұлар - ұжымдық қауіпсіздік, ядролық қарусыздандыу және әлемдік қаржы»,  деді М.Маргелов.

Соңғы жаңалықтар