Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті

ктің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы - ҚР Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстаннның ЕҚЫҰ-ға төрағалық мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комиссия отырысының ашылуында Қ. Саудабаев «алдымыздағы төрағалық Қазақстанның халықаралық қауымдастықтың құрметті, жауапты, белсенді әрі тиімді мүшесі екенін дәлелдеу үшін қолымызға тиген керемет мүмкіндік болып табылады», деп атап көрсетті.

Қ. Саудабаев ЕҚЫҰ-ға 56 мемлекет мүше екенін айта келе: «Мұндай мүмкіндіктің Қазақстанға қайта оралуы тек 55 жылдан кейін ғана орын алуы ғажап емес. Ендігі сәттегі барлығымызға ортақ міндет - осы төрағалықтың баянды өтуіне барлық жағдайды жасау», деді ол. Қ. Саудабаев бүгінгі отырыстың басты мақсаты - ерекше зор беделі бар халықаралық ұйымға төрағалықты жоғары дәрежеде өткізу үшін құзырлы мемлекеттік органдардың нақты рөлдері мен жауапкершілігін айқындау болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Қ. Саудабаев өз сөзінде Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалығына сайлануы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығының арқасында біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму жолында қол жеткізген жетістіктерінің, сондай-ақ еліміздің өңірдегі ғана емес, әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесінің халықаралық қоғамдастық тарапынан әділетті және жоғары бағалануы, әрі ашық мойындалуы екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар