Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға және Ресейдің ТМД-ға алдағы төрағалық мәселелері талқыланды - Мәскеу
Қазақстан Елшісі Зауытбек Тұрысбеков жұма күні Мәскеуде Статс-хатшы -РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасинмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуде сонымен бірге, ағымдағы жылы желтоқсан айының ортасында Алматыда өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бейресми саммитіне әзірліктің барысы қаралды.
З.Тұрысбеков сондай-ақ Г.Карасинге Қазақстан Елшілігінің Ресей Федерациясының 88 субъекті мен 16 аймағына екіжақты ынтымақтастықты тереңдету туралы ұсыныс жасап, сауал жолдағанын хабарлады. Қысқа мерзімнің ішінде олардың көбісінен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласы бойынша нақты ұсыныстар алынды, деп хабарлады З.Тұрысбеков өз сөзінде.
Кездесу барысында қазақстандық тарап сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы аясында өткізілетін кездесулердің форматтарын жетілдіру жөніндегі ұсыныс жасады.