Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына тағайындалуы елдің тәуелсіздік жылдарында жинаған тәжірибелерімен байланысты - сарапшының пікірі
қызметінежәне Қазақстанның осы ұйымға төрағалығына байланысы әртүрлі мәселелерді талқылады. Бұл туралы Алматыда ҚазАқпарат тілшісіне ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер айтып берді.
- Бұл шығармашыл ашық диалог, оған ғалымдар, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Олар ұсынбалар әзірлеп, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы бағдарламасымен жұмыс істейтін барлық құрылымдарға жіберді. Бағдарламаның өзі келесі жылдың қаңтар айында ұсынылады. Біздің пікірсайыстарымыз, талдауларымыз бен ұсынбаларымыз жақсы бағдарлама жасауға көмектесті ғой деп сенеміз.
- Атап айтқанда қандай ұсынбалар әзірледіңіздер?
- Бұл әртүрлі ұсынбалар болды. Біз ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемін де талқыладық, Орталық Азия аймағындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайды талқыладық, біз ЕҚЫҰ аумағындағы және Қазақстанның өзіндегі демократиялық үдерістер жөнінде әңгімеледік. Сондықтан да ұсынбалар әртүрлі болып шықты. Олар, әрине 1975 жылғы ЕҚЫҰ-ның Хельсинки Қорытынды Актісінің рухы мен ұстанымдарына сәйкес болды, өйткені, сол кезде қабылданған ұйым елдері мойнына алған міндеттемелер бүгінде де өзекті күйінде қалып отыр.
- Қазақстанның осындай беделді ұйымға төрағалығынан не күтуге болады?
- Бұл төрағалықтың Қазақстандағы жұмысқа да, сондай-ақ ұйым жұмысының өзіне де өз ықпалы, қалдырған өз ізі, сөзсіз, болады. Қазақстан - ЕҚЫҰ-ны басқарғалы отырған бұрынғы кеңестік кеңістіктегі алғашқы мемлекет. Қазақстан - еуразиялық ел, қауіпсіздік ісімен және ынтымақтастық шараларымен айналысып отырған көптеген басқа да аймақтық ұйымдардың мүшесі. Мұның бәрінің де Қазақстанның төрағалығында белгілі бір маңызы бар.
Сонымен бірге Қазақстан бұрынғы төрағалар мен ЕҚЫҰ министрлер кеңестері белгілеген басымдықтарды жалғастыратын болады және осы өзекті ұстанымдарды жүзеге асыру да республика бағдарламасына енеді. Қазақстан ЕҚЫҰ-ны дамытуға өз тәжірибесін де қоса алады. Ұйымның барлық елдерінің ортақ ымырасымен Қазақстанның төрағалық лауазымға сайлануының басты себебі - ол тәуелсіздігінің 18 жылы ішінде едәуір тәжірибе жинаған мемлекет. Бұл тәжірибе бірнеше бағытта - көпұлтты мемлекетте қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдап нығайта білді, бұл сондай-ақ ұлттық экономиканы өзгертіп, әртараптандыруы. Бұдан басқа, Қазақстанның аймақтағы экологиялық сүргінді болдырмауға ұмтылып отырған тәжірибесі тағы бар. Тағы бір маңызды оңды тәжірибе - конференцияда айтылғандай, төзімділік мәселесімен байланысты. Қазақстанның ядролық қаруларды, олардың инфрақұрылымын және ең маңыздысы, оның салдарларын жоюының өзі неге тұрады?!