Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы ретінде атқарып жатқан қадамдарына куә болып отырмыз - Македония СІМ басшысы

nbsp;АЛМАТЫ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі аясында ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Македония СІМ басшысы Антонио Милошоскимен кездесу өткізді.

Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы ретінде атқарып жатқан қадамдарына куә болып отырмыз - Македония СІМ басшысы

Оның барысында Қазақстан мен Македонияның арасында дипломатиялық төлқұжат иелерін визалық тәртіптен босату жөніндегі екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында келісімге қол қою рәсімі өтті.

«Македония Еуропа Кеңесінде төраға болып отыр. Қазақстан - ЕҚЫҰ-ға төраға. Бұл екі ұйым да өте маңызды, және біздің байланыстарымыз үлкен рөл атқарады. Бүгін біз Қазақстан мен Македония арасындағы келісімге қол қойдық. Бізде ортақ басымдықтар бар, олар - қауіпсіздікті, өзара тиімді байланыстарды нығайту және адам құқықтары», - деді А.Милошоски.