Қазақстанның электрондық үкімет порталында 2 миллионыншы пайдаланушы тіркелді
Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Порталға оны зайыбы Наталья Пасько тіркеді және ол бүгін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мен Қазақстанның электрондық үкімет порталы командасының құттықтауын қабылдады.
Наталья Паськоның айтуынша, оның өзі еgov-тың белсенді пайдаланушысы болып табылады және ал жақында өзінің жұбайын тіркетуге ұйғарды. Бұл шараны ол жұмыстағы компьютерде жасады. Осылайша, мерейтойлық екімиллионыншы тіркеу пайда болды.
«ҰАТ» АҚ басшысы атап өткендей, компания 2013 жылды 1 240 783 тіркелген пайдаланушы көрсеткішімен аяқтаса, 2 миллиондық көрсеткішке осы жылдың үш жарым айы ішінде жетті. Б. Мусин: «Бұл сан egov.kz порталын елдің экономикалық белсенді тұрғындарының 20 пайыздан астамы пайдаланатынын көрсетті», - деп атап өтті.
Айта кетерлігі, 2014 жылдың 1 тоқсанындағы мәліметтерге сәйкес egov порталына әйелдерге қарағанда еркектер 3,5 есе жиі кіреді. Бұл ретте, 2014 жылдың басынан бастап порталға 1,8 млн. пайдаланушы кіріп үлгерді.