Қазақстанның Елшісі Қырғызстан президентіне сенім грамотасын тапсырды
Қырғыз Республикасы президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қырғызстан басшысы дипломатиялық қызметтерінің басталуымен алты мемлекет елшісін, сондай-ақ сенім грамотасын тапсыру салтанатына қатысқандарды құттықтады.
Қырғызстан мен Қазақстанның ынтымақтастықтарына қатысты Қ.Бакиев екі елдің арасындағы байланыстардың жоғары деңгейі географиялық жақындыққа, терең туыстық тамырларға, мәдениеттерінің, дәстүрлерінің ұқсастығына, тарихи тағдырдың ортақтығына, достық және көршілік байланыстарға негізделгенін атап өтті.
«Біздердің мемлекеттеріміз пікірлес болып табылады және тек белсенді ынтымақтастықты сақтап қалуға ұмтылып қана қоймайды, оның болашағы да бағдарланатын болады. Оның айғағы - Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңестерінің сындарлы жұмыстары. Біздер қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру бағытында жұмыстардың белсенділігін арттыруға ниет танытып отырмыз, нәтижесінде Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы одақтық қатынастар одан әрі тереңдей және кеңейе түсетін болады», - деді Қырғызстан президенті.