Қазақстанның Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде мәдени күндері мен бизнес форумдары өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Биылдан бастап Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде Қазақстанның мәдени күндері мен бизнес форумдары ұйымдастырылады.
None
None
Бұл бүгін Алматыда өткен «Қазақтың мәдени ұлттық брендін қалыптастыру: тәжірибе және болашағы» тақырыбын қамтыған дөңгелек үстел мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз қазір қазақ мәдениеті жөнінде пікір алмасу алаңын жасау жөніндегі өз мақсатымызға қол жеткіздік деп ойлаймын. Өткен басқосуларда қазақтың мәдениеті, оған жаһандану үрдістерінің әсері жөнінде көптеген теориялық мәселелерді талқыладық. Енді осы теориялық мәселелердің барлығын ой елегінен өткізіп, тәжірибелік тұрғыда қазақ мәдениетін әлемдік деңгейге қалай шығарамыз, оның қандай тетіктері мен тәсілдері бар деген мақсатта бас қосып отырмыз», - дейді Мәдени саясат және өнертану инстиутының директоры Ерлан Саиров. Оның сөзіне қарағанда, министрліктің тапсырмасы бойынша биылдан бастап Еуропа, Солтүстік Америка елдеріне Қазақстанның мәдени күндері мен бизнес форумдары өткізіле бастайды. Сонымен бірге үлкен халықаралық ғылыми-мәдени орталықтармен қарым-қатынастар жасау қолға алынбақ. Бұл шаралар ұлттық мәдениетті насихаттау арқылы сырттан қосымша инвестиция тарту үшін жасалып отыр. Ерлан Биахметұлының айтуынша, Бонн қаласында болған кезде ол өздерінің ұлттық киімдерін киіп белгілі бір орында күнде өлең айтатын американдық 4 үндісті көрген. Бөлек мәдениеттің өкілдері болғандықтан олардың өнерін тамашалауға күн сайын 2 мыңдай адам жиналып, әрқайсысы 100 евро тұратын 1 мың CD дискі сатып алатын көрінеді. Оны ұлттық мәдениетті дамытуға инвестиция тартудың бір жолы деп бағалауға да болады.
Соңғы жаңалықтар