13:39, 26 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қазақстанның Франциядағы Елшісі Н.Дәненов Қазақстанның Португалия Республикасындағы, Андорра және Монако княздықтарындағы елшісі болып тағайындалды
АСТАНА. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Жұмағалиұлы Дәненов Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы,

Андорра Князьдігіндегі, Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.