Қазақстанның геологиялық барлау саласына қосымша 900 млрд. теңге инвестиция тартылады - Ә.Исекешев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның геологиялық барлау саласына қосымша 900 млрд. теңге инвестиция тартылады. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«2015-2019 жылдарға арналған геология саласын дамыту бағдарламасы аясында бюджеттен 120 млрд. теңге бөлінген. Инвестициялар есебінен тағы 900 млрд теңге тартылады деп ойлаймыз», - деді министр Геолог күніне орай өткізілген салтанатты жиында. 

Оның айтуынша, Қазақстанда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа заң қабылданды. Ол заңда жер қойнауын пайдалануға қатысты барлық мәселелер қамтылған.

Сонымен қатар «100 нақты қадам» реформасының аясында халықаралық стандарттарды енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану саласының ашықтығн қамтамасыз етілмек. Бұл өз кезегінде, министрдің айтуынша, Қазақстанның геологиялық барлау саласына шетел инвестицияларының келуіне оң ықпал етеді.

 

Соңғы жаңалықтар