Қазақстанның халықаралық көліктік жүйеге интеграциялануы үшін 5С қағидатын іске асыру қажет - Ә.Исекешов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның халықаралық көліктік жүйеге сәтті интеграциялануы үшін 5С қағидатын іске асыру қажет, - деп атап өтті ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешов.

«Біз 5С қағидатын іске асыруға тырысып жатырмыз. Бұл Президент атаған басты жобалардың бірі - еуразиялық трансқұрылықтық транзиттік дәліз құруды іске асыру үшін сервис, жылдамдық, құн, тұрақтылық және сақталуы болып табылады. 5С қағидатын қамтамасыз етпей, бұл жобаны іске асыру күрделі. Сондықтан, біз бұл жобаларда ақпараттық технологияларды пайдалану, ақпараттық жүйелерді интеграциялау, барлық көліктік салаларда құжаттарды электрондық ресімдеуге көшу, оның ішінде мульти модальды құжат құру бойынша бесенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді «Еуразияның көліктік дәліздері: ынтымақтастықтың жаңа жолдары» атты екінші халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, Қазақстанның халықаралық көлік жүйесіне интеграциялануына тиімді транзиттік дәлізді құрудың келесі қадамы ғарыш саласындағы жетістіктерді қолдана отырып, зияткерлік көлік жүйесін енгізу болады.
«Бізде бүгінде екі байланыс серігі, екі жерді қашықтан зондтау серігі - төрт серік тобы құрылды. Көлік логистикасын қамтамасыз ету үшін ғарыш технологиясын интеграциялаймыз. Әуе Жібек жолы, халықаралық авиациялық хабты, Жібек жолы маңында туризм бағдарламасын, халықаралық қаржы орталықтарын іске қосу сияқты бірқатар жобалар қаржы ынтымақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, олар Қазақстанға ғана емес, Орталық Азия өңірлеріне де үлкен үлес қосады. РФ, ҚХР, Иран және т.б. сияқты елдермен сауда ынтымақтастығын кеңейтуге ықпал етеді», - деді министр.
Еске сала кетейік, кеше Астанада ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Еуразияның көліктік дәліздері: ынтымақтастықтың жаңа жолдары» атты екінші халықаралық конференция болып өтті. Шараға Қазақстан, Ресей, Қытай, Иран, Моңғолия, Грузия, Әзербайжан және Қырғызстанның талдау ұйымдарының сарапшылары қатысты.

Соңғы жаңалықтар
telegram