Қазақстанның КО-дағы әріптестерімен арадағы тауар айналымы 88 пайызға өсті - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Кеден одағындағы әріптестермен арадағы тауар айналымы 88 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграцияның жаңа перспективалары тақырыбында дәріс оқыған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

1998 жылдың өзінде-ақ «қарапайым адамдарға қарай 10 қарапайым қадам» ұсынғандығын атап өткен Елбасы «Осы жылдар ішінде бұл бастаманың барлық ережелері жүзеге асырылды. Кеден одағы мемлекеттерінің арасындағы бірлескен шекара біздердің азаматтарымыздың, жүктердің, тауарлардың, валютаның кедергісіз өтуі үшін ашық болды», - деді.

ҚР Президентінің атап өтуінше, 2009 жылдан бастап Қазақстанның еуразиялық экономикалық кеңістік пен Кеден одағы бойынша әріптестерімен арадағы тауар айналымы 88 пайызға артып, 24,5 млрд. долларды құрады.

«Біздің Ресей мен Беларусьқа экспортымыз 63 пайызға, оның ішінде өңделген тауарлар шығаруымыз 2 есеге артты. Мен мұны әдейі баса айтып отырмын. Өйткені біздің экспорттық тауарларымыз негізінен шикізат болып табылады. Ал өңделген тауар экспортының артуы жетістік», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум