Қазақстанның көпұлтты және көп конфессиялы қоғам құрудағы баға жетпес тәжірибесін насихаттау керек - Т. Вернер
«Қазақстан қағазы» компаниялар тобында 20-дан астам ұлттың өкілдері жұмыс істейді. Мұның өзі Қазақстанда көптеген ұлттардың тұратындығын көрсетеді. Сондықтан мен Лондон қаласында Бейбітшілік және Келісім Орталығын ашуды ұсындым. Ондағы мақсат: сол орталық арқылы Қазақстанның көпұлтты және көп конфессиялық қоғам құрудағы баға жетпес тәжірибесін Еуропа елдеріне насихаттау», - деді өз сөзінде Томас Матеос Вернер.
Бұл ұсынысты сессияға қатысушылар ризашылықпен қабылдады. Өйткені мұндай Орталықты ашу әлемге Қазақстанның халықтар арасында достық пен келісім орнатудағы тәжірибесі және толеранттық моделі туралы жан-жақты айтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, сессия жұмысына компания басшылығы тарапынан Kazakhstan Kagazy PLC компаниясы директорлар Кеңесінің төрағасы Томас Болдри қатысты.
«Біздің компанияның стратегиясы, сондай-ақ біздің бизнестің «жасыл» әлеуметтік-экономикалық моделі ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы идеясына негізделген» - деді сэр Томас Болдри, - Біз Қазақстандағы өз қызметімізді кеңейту мақсатында компанияның инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруға білек сыбана кірісіп кеттік».
«Қазақстан қағазы» компаниялар тобы - еліміздегі ірі өнеркәсіптік холдингтердің бірі және Лондон биржасына тұрақты түрде қатысады.