Қазақстанның Корея Республикасындағы инвестициясы 2,9 млрд. долларды құрайды - Г.Марченко
АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның Корея Республикасындағы инвестициясы оның Қазақстандағы инвестициясынан 1 миллиард долларға артық.
Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Ұлттық банкі мен Корея Республикасының қаржылық қадағалау қызметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою кезінде айтылды.
«Корея Республикасының Қазақстандағы инвестициясының жалпы көлемі 1 қаңтарда 1,6 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал Қазақстанның Кореядағы инвестициясы 2,6 миллиард доллар болды. Оның 1,9 миллиарды Ұлттық банк пен Ұлттық қордың инвестициясы», - дейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко. Оның айтуынша, инвестиция көлемі жеткілікті деңгейде үлкен. Сауда көлемі де өсуде.