11:34, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде пайда болды
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Facebook және Elim-ai әлеуметтік желілері мен Twitter шағын блогында ресми аккаунтарын ашты.

Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы Сәуле Смағұлова мәлім етті.
«Енді интернет пайдаланушылар үшін Қарулы Күштер өміріндегі маңызды оқиғалар мен қорғаныс ведомствосындағы елеулі іс-шаралар туралы ақпарат алуға барынша мүмкіндік туды», - делінеді таратылған баспасөз хабарламасында.