17:34, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
БІШКЕК. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшілігінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдығына орай қабылдау болып өтті.

Шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері - Қазақстан азаматтары мен қазақ диаспорасының өкілдері шақырылды. Салтанатты жағдайда Қазақстан Елшісі Бейбіт Исабаев Елшіліктің ұжымы мен Қырғызстандағы Қазақ мәдени орталығының атынан ардагерлерге бағалы сыйлықтарды тарту етті.
Соғыста қаза тапқандардың құрметіне ардагерлер Елшілік аумағында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Қабылдау соңында мерекелік концерт өтті.