Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылығы өте маңызды - Чехия Сенаты төрағасының орынбасары Питер Питхарт

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Прагада Қазақстан Елшісі Анарбек Қарашаев Чехия Республикасы Сенаты төрағасының орынбасары Питер Питхартпен кездесті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылығы өте маңызды - Чехия Сенаты төрағасының орынбасары Питер Питхарт

Кездесу барысында парламентаралық қатынастардың болашағы сөз болды. Сондай-ақ тараптар парламентаризмді дамыту бағытындағы ынтымақтастық, түрлі салалар бойынша бірлескен қимылдарды жетілдіру мәселелерін де ортаға салды. Парламентаралық ынтымақтастық мәселесін сөз ете отырып, екі мемлекет өкілдері Қазақстан мен Чехия арасындағы Парламент өкілдерінің белсенділігін арттыру мәселесіне ерекше тоқталды. П.Питхарт өз кезегінде екі елдің заң шығарушы органдарының арасындағы ынтымақтастықты дамыту шараларына жақсы баға берді.

Оның пайымдауынша, Қазақстан Чехияның маңызды сауда-экономикалық әріптестерінің бірі. Бұған екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстар белсенділігінің арта түсуі куә. Сонымен қатар қазір Чехия Қазақстанды өзінің басым бағытты экономикалық 12 әріптесінің қатарында  атап отыр. «Чехия тарапы Қазақстанмен екіжақты әріптестік қарым-қатынастарды кез келген сала бойынша жетілдіруге ынталы»,-дейді П.Питхарт.       

Осы кездесу аясында қазақстандық дипломат Чехия өкілін екі елдің парламентаралық қатынастарының дамуына елеулі үлес қосқандығын айта келе, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалін табыс етті.

Өз кезегінде П.Питхарт Қазақстан Президентіне өзінің ризашылығын білдірді. «Мен серпінді дамып келе жатқанда Қазақстандағы игі істердің куәсімін. Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылығы өте маңызды. Сондықтан да Чехия өкілдері бұл елге сәттіліктер тілейді»,-деп атап көрсетті мейман.