Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі мәдени дәстүрлер және ұлттық тағамдар фестиваліне қатысты

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат  Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің Қабылдау үйінде аталған елде тіркелген дипломатиялық өкілдіктер арасында 10-шы мәдени дәстүрлер және ұлттық тағамдар фестивалі өтті.
None
None

Әрбір елшілік өз елінің ұлттық тағамдары мен халықтық қолданбалы өнер жәдігерлерін келушілер назарына ұсынды.

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінің қызметкерлері қазақтың ұлттық киімдерін киіп, ұлттық тағам түрлерін шетелдік қонақтарға ұсынды. Фестиваль аясында аталған мәдени шараға қатысушылардың мерекелік концерті де өтті.

Соңғы жаңалықтар