Қазақстанның прокуратура органдары банкротқа ұшыраған кәсіпорындардың шетелдегі активтерін іздеуде - И.Меркель

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның прокуратура органдары банкротқа ұшыраған кәсіпорындардың шетелдегі активтерін іздеуде. «КТК» телеарнасы «Халық қызметшісі» бағдарламасының қонағы болған ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель осылай деді.
None
None

«Біз нарықтық экономикаға көштік. Бірінші кезекте жалақы төлеу әркезде де тиімді болмайтын жеке кәсіпорындар шоғыры мол. Қандай да бір келісім аясында, белгілі тауармен есеп айырысу тиімді де шығар, ал одан біздің азаматтар зардап шегеді. Осы уақыттағы төленбеген жалақы сомасы миллиардтаған сомаға жетеді. Банкроттық процедурада тұрған проблемалы кәсіпорын деп аталатын санат бар. Онда басқарушы бар, бұл кәсіпорындары жоюмен айналысады әрі онда заңмен бекітілген кезектілік бар, оны сақтау қажет. Ол жақта кейде оларды сатып, салық пен жалақы төлеуге жетпейтін жойылатын активтер бар. Біз әдетте мұнай кәсіпорындардың активтерінің бар екендігін тыңғылықты тексереміз. Бұл әсіресе үлескерлік құрылыспен айналысатын кәсіпорындарға қатысты. Ол жақта да жалақы төленбеген жағдайлар кездеседі. Сондықтан тасаланған активтерді іздейміз», - деді И.Меркель.

Оның атап өтуінше, мұндай кәсіпорындардың шетелдегі активтерін іздеу жұмыстары түрлі мемлекеттермен жасалған келісімшарттар мен халықаралық конвенциялар аясында жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар