Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің 100-ден астам кәсіпорындары Ақтөбеде өткізілетін ІХ халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысады

АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің 100-ден астам кәсіпорындары Ақтөбе қаласында ертең басталатын ІХ қазақстандық-ресейлік өнеркәсіп көрмесіне қатысады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы.
None
None

«Шілденің 13-і мен 15-і аралығында өткізілетін көрмеде көлік жасау және мұнай-газ өнеркәсібі, энергия ресурстарын сақтау және құрылыс индустриясы, арнайы техника мен құралдарды, көліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын жасау, жеңіл, тағам және жиһаз өнеркәсібі, сонымен қатар халық тұтынатын тауарлар мен арнайы киімдерді шығаратын және тағы басқа да салаларда жұмыс жасайтын Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің 130-дан астам кәсіпорны қатысады», - деп атап өтті ҚР СӨП.

Көрмені ұйымдастырушылар - Ақтөбе облысының әкімдігі, Орынбор облысының үкіметі, Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы, Ақтөбе және Орынбор облыстарының сауда-өнеркәсіп палаталары және «ОралЭКСПО» ААҚ.

Соымен қатар, көрме барысында «сатушылар мен сатып алушылар кездесуі» акциясы өткізіледі. Негізгі міндет, - деп атап өтті ұйымдастырушылар, - Қазақстанның экспорттық мүмкіндігін шетелдік әріптестерге көрсету, қазақстандық өнімге сатып алушылар іздеу, шараларды өткізу кезінде келісім-шарттар мен ниет туралы шарттарды, меморандумдарды қабылдау көзделуде.

Соңғы жаңалықтар