15:08, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ҚР ішкі істер қызметкерлерінің осы елде оқуы жөніндегі мәселені қарастырып жатыр
МӘСКЕУ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ҚР ішкі істер қызметкерлерінің Ресейдегі жоғары оқу орындарында оқуы үшін бөлінген квоталарының аясында Ресей ІІМ Мәскеу университетінде оқуы жөніндегі мәселені қарастырып жатыр,

деп хабарлайды дипломатиялық өкілдіктің баспасөз қызметі.
Ресей білім беру министрлігінің 2009 жылғы сәуірдің 14-індегі бұйрығына сәйкес Қазақстан үшін бөлінген квота 275 адамды құрайды, оның 80-ні ҚР Білім және ғылым министрлігінің желісі бойынша жіберіліп отыр.
Бұрынырақ Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зауытбек Тұрысбеков РФ ІІМ басшылығымен РФ ІІМ ведомстволық оқу орындарында Қазақстан үшін мамандар даярлау туралы келісімге қол жеткізген болатын.