Қазақстанның триатлоннан ұлттық құрамасы Олимпиадаға биыл да бармайды
«Жақында Қазақстан триатлон федерациясының басшылығында және ұлттық құрама командада өзгерістер орын алды. Бұған бірқатар объективті себептер әсер еткен. Триатлон негізі олимпиадалық спорт түрі, өкінішке қарай бүгінгі күні біз өзіміздің триатлоншыларымыздан күткен лицензияға ие бола алмадық. Бұл осымен қазақстандық триатлоншылар қатыспайтын үшінші Олимпиада болып отыр», - деді М. Тоқмәди.
Оның айтуынша, осыдан жарты жыл бұрын триатлонның олимпиадалық федерациясын құру туралы бастама көтерілген. Өйткені, бұл спорт түрі қарқынды түрде дамып, әр үш жыл сайын онымен айналысатын спортшылар қатары артып келеді. «Мәселен, бір жарым жыл ішінде осы спорт түрінен он төрт рет старттар өтті. Ең соңғысы 9 шілде 2016 жылы триатлоннан әуесқойлар арасындағы ашық Қазақстан кубогы Бурабайда өткен болатын. Осы кезеі ішінде жарыстарға үш жарым мың адам қатысты. Ресей, Украина, Қырғызстан мен Өзбекстан триатлоншылары да қатысқан жарыстарда біз лайықты орындарға иелендік», -деді М. Тоқмәди.
Айта кетерлігі, триатлон суда жүзу, веложарыс пен жүгіру спорттарын біріктіреді. Ол Олимпиада ойындарына 2000 жылдан бастап енген. Ал Сидней Олимпиадасында Қазақстанның триатлоншысы төртінші орыннан көрінген еді. Өкінішке қарай, содан бері біздің ұлттық құрама Олимпиада ойындарына қатысқан емес.