Қазақстанның Үкімет басшысы Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен келді
СК. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін, сейсенбі күні Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен келді.
Түске дейін Кәрім Мәсімовтің Беларусь премьері Михаил Мясниковпен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ ел Президенті Александр Лукашенкомен кездесуі өтеді.
Ал түстен кейін Қазақстан премьері Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасында өтетін ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі мәжілісіне қатысады. Мәжілістің қорытындысы бойынша үкімет басшылары брифинг өткізеді деп жоспарлануда.