Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанның ұлы халық, ұлы ел екеніне көз жеткіздім - Анил Кумар Шастри

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордада «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев пен Үндістан Ұлттық конгресі Жұмыс комитетінің өкілі Анил Кумар Шастри кездесті,

Қазақстанның ұлы халық, ұлы ел екеніне көз жеткіздім - Анил Кумар Шастри

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында Д.Кәлетаев Азия кеңістігінде ғана емес дүние жүзі бойынша беделді саяси ұйымдардың бірі, ғасырлық тәжірибесі бар Үндістан Ұлттық конгресіне «Нұр Отан» халықтың демократиялық партиясының Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы Тұрақты комитетінің 11-ші және Бас ассамблеяның 5-ші жиындарына шақыруын қабыл алғаны үшін алғысын білдірді.

«ҚР Президенті, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары барысында Үндістан Ұлттық конгресінің өкілдерімен, атап айтқанда Сони Ганди ханыммен және оның ұлы Ұлттық конгрестің парламенттік фракциясының жетекшісі Рахул Гандимен жүздескен болатынмын. Бізде Ұлттық конгреспен тығыз өзара байланыс орнатылған. Қазір екіжақты құжаттарға қол қою мәселесі талқыланып жатыр. Менің ойымша, бізге екі ел партиялары арасындағы диалог қажет деп білемін», деді Д.Кәлетаев

 Осыдан кейін сөз алған Үндістан Ұлттық конгресі Жұмыс комитетінің өкілі Анил Кумар Шастри алқалы жиынға арнайы шақырғандарына рахмет айтып, өзінің Қазақстан туралы көп естігенін және оны өз көзімен көргеніне қуанышты екенін жеткізді.

«Астанаға келгенге дейін екі күн Алматыда болып көптеген адамдармен жүздесуге мүмкіндік алдым және Қазақстанның ұлы халық, ұлы ел екеніне көз жеткіздім. Жалпы Қазақстанның болашағы зор екенін мол сеніммен айта аламын», деді Анил Кумар Шастри.

Сонымен қатар Үндістан Ұлттық конгресінің өкілі Қазақстан мен Үндістан арасындағы іскерлік, сауда-саттық және білім саласындағы байланыстың болашағы зор екендігіне сенім білдірді.