Қазақстанның үш өңірінде боран салдарынан жол қозғалысы тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығы салдарынан жол қозғалысы шектелді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Қазақстанның үш өңірінде боран салдарынан жол қозғалысы тоқтатылды

Сонымен, Ақтөбе облысында толассыз қар жауып, бұрқасындатуы салдарынан «Қарабұтақ-Комсомол» (89-231 шақырым) а/ж учаскесінде, Қостанай облысында «Денисовка- РФ шекарасы» (0-174 шақырым) а/ж учаскесінде, Шығыс Қазақстан облысында «Бородулиха-Жезкент» (24-49 шақырым) а/ж учаскесінде көліктердің барлық түріне жол қозғалысы тоқтатылды.