Қазақстанның Венгриядағы елшілігі халықаралық «Шығыс халықтары» фестиваліне қатысты

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Венгрядағы елшілігі Эгераг қаласында өткен жыл сайынғы халықаралық «Шығыс халықтары» фестиваліне қатысты.
None
None

Биылғы жылы мерекелік шаралар Еуропаның мәдени астанасы атанған көршілес Пеш қаласында өтті.

Будапешттен фестивальдің ашылуына арнайы Венгрияның басты жәдігері - мемлекеттің негізін қалаушы Қасиетті Иштван тәжінің көшірмесі әкелінді. Гусарлардың сүйемелдеуімен ол Эгераг қаласына жеткізілді, деп хабарлады ҚР-ның Венгриядағы елшілігінің баспасөз қызметі.

«Шығыс халықтары» фестиваліне шетелдік делегациялар мен Венгрияның әртүрлі облыстарының өкілдері қатысты. Шараға 2 мыңнан астам қонақтар жиналды, олардың арасында елде тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері де болды. Фестивальда Түркия, Жапония, Қытай елдерінен фольклопрлық топтар өнер көрсетті, халықтық қол өнер бұйымдарын сату ұйымдастырылды.

ҚР елшілігі Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған тақырыптық фотокөрме ұсынды. Жарқын фотосуреттер арқылы көптеген қонақтар еліміздің тамаша табиғатымен, саяси-экономикалық және мәдени өмірімен танысты. Қазақстан және ел Конституциясы туралы кітаптар басқа та танымдық өнімдер таратылды.

Соңғы жаңалықтар