Қазақстанның ядроға қарсы бастамалары тағы да назарда - еуродепутат
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Лаңкестердің жаппай қырып-жою қаруын қолдану мүмкіндігіне байланысты Қазақстанның ядроға қарсы бастамалары халықаралық қоғамдастықтың назарына тағы ілікті.
«ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Еуропалық парламенттің депутаты, ЕП-ның Орталық Азия елдері бойынша делегация төрағасының орынбасары Татьяна Жданока осындай пікір білдірді.
Еуродепутаттың айтуынша, Қазақстанның БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында көтерген ядроға қарсы бастамалары еуропалық саясаткерлер мен сарапшылардың таяуда лаңкестік ұйымдардың жаппай қырып-жою қаруын қолдану мүмкіндігі туралы мәлімдемелерінен кейін халықаралық қоғамдастықтың назарына тағы ілікті.
Еуропарламент депутатының пікірінше, Қазақстанның ұсыныстары ағымдағы жылдың шілде айында Иран және «алтылық» елдерімен (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Қытай және Ресей) ирандық ядролық бағдарлама бойынша келісім орнатылған соң маңызы арта түсті.
«Таяу Шығыста ядросыз бағдарламаны құру бастамасы ирандық ядролық бағдарлама бойынша келісімнің орнатылуынсыз мүмкін емес еді. Енді бұл ұсыныстар маңызды және ең бастысы - шындыққа негізделген», - деп қорытындылады Еуропалық парламенттің депутаты.