Қазақстанның жас шахматшылары Румыниядағы Әлем чемпионатында 3 «алтын» еншіледі

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанның жас шахматшылары Румынияда мектеп оқушылар арасында өткен шахматтан Әлем чемпионатында 3 алтын, 2 күміс медаль еншіледі.
None
None

Атап айтқанда, 9 жасқа дейінгі санатта Бибісара Асаубаева (Астана), 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында Динара Асаубаева (Қостанай), 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Динара Сәдуақасова алтыннан алқа тақты.

Ал күміс медаль қызылордалық 11 жастағы Әсел Серікбай мен 17 жастағы оралдық Әлібек Игембергеновтің қанжығасын майлады.

Сонымен қатар, Қазақ елінің тағы 3 жас шахматшысы әлемнің үздік 15 ойыншысының қатарынан көрінді.

«Біз ағымдағы жылы жоғары дайындық деңгейін көрсете алдық. Құрамамыз жинаған ұпай саны бойынша тек Ресей командасын ғана алға жіберді. Бұл біздің шәкірттеріміздің дәл қазіргі уақытта жоғары деңгейдегі жарыстарда да өнер көрсете алатындығын білдіреді», - дейді шахматтан ҚР-ның балалар мен жасөспірімдер құрамасының бас жаттықтырушысы Петр Костенко.

Соңғы жаңалықтар