16:42, 24 Сәуір 2013 | GMT +5
Қазақтардың ішкі бірлігін нығайту керек - Мемлекет басшысы
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақтардың ішкі бірлігін нығайту керек. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты күнтәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-шы сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Біздерге барлық күш-жігерімізбен қазақтардың ішкі бірлігін нығайту қажет. Бүгін ХХІ ғасыр инновация уақыты және қазақ қоғамы өткен ғасырдағыдай болмауы тиіс. Қазақ зиялы қауымы менің сөзімді естуі қажет. Қазақстан бұл біздің жеріміз»,-деді Мемлекет басшысы.
Елбасының атап өтуінше, бұл реттегі шындық тым қарапайым. Қазақтар өздері белсенді қатыспай, Қазақстанда ұзақ мерзімді қоғамдық келісімді қалыптастыру мүмкін емес. Бұл жер әр кезде де біздің ата-бабаларымызға тиесілі болды.
«Бұдан кейін біздің ұрпақтарымызға тиесілі болады. Сондықтан да біз жеріміздегі бейбітшілік үшін тікелей жауапкершілік арқалаймыз»,-деді Мемлекет басшысы.