Қазалы ауданында қатты жел мектеп-лицейдің шатырын ұшырып әкетті

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Қазалы ауданында Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесінде орналасқан №249 мектеп-лицейде, 3 маусым күні сағат 18.20-де 15-18 м/с жылдамдықпен соққан желдің салдарынан 3 қабатты мектеп-лицей ғимаратының 250 шаршы метрдей төбе жабындысы қирады.

Қазалы ауданында  қатты жел мектеп-лицейдің шатырын ұшырып әкетті

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.