10:25, 15 Шілде 2010 | GMT +5
Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылында ақындардың сайысы болды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Майдакөл ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен Бекарыстан би елді мекенінде айтыс пен мүшәйра өткізілді.

Бұл сайысқа барлығы 25 ақын қатысты. Шара барысында аудан әкімі Айтбай Көшербай мереке қарсаңында өңірде атқарылған жұмыстарға тоқтала келе жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Айтыстың алқасында Нұрдәулет Махамбетов бірінші, Марат Сүгірбаев екінші орындарды жеңіп алса, бекарыстандық Марат Сыйқымов пен ақжоналық Мейрамбек Дауылбай үшінші орынды өзара бөлісті. Жазба ақындар арасынан Дина Қаласқызы топ жарды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға қоса аудан әкімінің дипломымен марапатталды.