Қазалыда ҚР гандбол федерациясының кубогы аяқталды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында гандболдан 2000 жылы туған және одан кіші жастағы қыздар арасында ҚР гандбол федерациясының кубогы аяқталды.
Биыл бірінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 8 команда, 122 спортшы бақ сынасты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Үш күнге созылған тартысты ойынның нәтижесі бойынша Қызылорда қаласының командасы көш бастады. Екінші орынды Қазалы ауданы иеленсе, үшінші орынды Жаңақорған ауданының командасы еншіледі.Ал төртінші орын Қармақшы ауданына бұйырды. «Үздік ойыншылар» - Татьяна Давыдова, Олеся Малышева, Феруза Ысқақова, Ксения Пупченкова, Жамира Нұрқожаева (барлығы Қызылорда қ.), Гүлжанат Бисен (Қазалы ауд.), Ботагөз Бақыт (Қармақшы ауд.). Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, кубок, дипломдармен марапатталды.