Қазалыда төрт жылда 15 жоба іске қосылып, 188 жаңа жұмыс орны ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазалы ауданында бағдарлама аясында аймақтық үйлестіру кеңесіне 2010-2014 жылдары жалпы құны 4016,44 млн.теңге құрайтын 20 жоба ұсынылып, оның ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді.
None
None

Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Индустриялық-инновациялық бағдарлама негізінде 15 жоба толық іске қосылып, 188 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде «Рза» АҚ-ның жалпы құны 2228,4 млн. теңге құрайтын «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты», «СПК Қызылорда Балық» ЖШС-нің жалпы құны 150,0 млн. теңге құрайтын «Балық өңдеу зауытының құрылысын іске асыру», «Қазалы құрылыс» ЖШС-нің жалпы құны 120,0 млн. теңге құрайтын «Асфальт зауыты» мен темір-бетон бұйымдарын шығаратын цехын іске қосу», «МО-1» ЖШС-і Қазалы филиалының («LCI-MK» ЖШС-нің Қазалы филиалы) жалпы құны 120,0 млн.теңге құрайтын «Темір-бетон бұйымдарын өндіру цехын кеңейту» жобалары бар. Мұнан өзге төрт жылда «Қазалы Жолшы» ЖШС-нің жалпы құны 41,0 млн. теңге құрайтын «Асфальт зауытын іске қосу», «МО-1» ЖШС Қазалы филиалының («LCI-MK» ЖШС-нің Қазалы филиалы) құны 30,0 млн. теңге құрайтын «Темір-бетон бұйымдары цехын кеңейту», «СПК Қызылорда балық» ЖШС-нің құны 3,0 млн. теңге болатын «Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту» жобалары іске қосылып, ел игілігіне берілді.

Соңғы жаңалықтар