Қазалыда жаңа балабақшаның іргесі қаланды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде140 орындық жаңа балабақшаның іргетасын қалау рәсімі болды.
None
None

«Айгөлек» деген ат алған балалар мекені «Жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынды. Оны салуға облыстық бюджеттен 318 млн. 800 мың теңге қаралды. Осы жылдың аяғына дейін мұның 32 млн. теңгесінің құрылыс жұмыстары атқарылмақшы. Құрылысты «ТуранСтройПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр. Мекеме бастығы Болат Сәрсенбаевтың айтуынша, құрылыс жұмысына жергілікті азаматтар тартылған. Балабақша алдағы жылдың күз айында іске қосылады деп күтілуде.

Балабақша іргетасын қалау рәсімінде сөз алған аудан әкімі Мұрат Имандосов: «Бала - біздің болашағымыз. Елбасымыздың сарабдал саясатының нәтижесінде қолға алынған бүгінгі қадам бүлдіршіндерге деген үлкен тарту екені анық. Тәуелсіздігіміздің торқалы тойы қарсаңындағы жағымды жаңалықтар ұзағынан сүйіндірсін», деді. Сондай-ақ, облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Жанболат Құрманбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов өздерінің ыстық ықыластарын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар