Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазалыдағы тарих пәнінің мұғалімі академик атанды - Қызылорда облысы

ЗЫЛОРДА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі Гүларша Құсайынқызы

          Қазалыдағы тарих пәнінің мұғалімі академик атанды - Қызылорда облысы

Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясы ұйымдастырған білім сайысында күміс медальмен қоса академик атағына ие болды.

Академик-мұғалім Гүларша Құсайынқызы - Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру орындарында қолдануға ұсынған дүниежүзі және Қазақстан тарихы негізіндегі бірнеше әдістемелік оқу құралдарының авторы. Ол 2010 жылы облыстың үздік мұғалімі атанған. Аудан жұртшылығы оны бірнеше танымдық кітаптардың авторы ретінде де жақсы біледі. Қарапайым ұстаздар отбасынан шыққан ұстаз өзінің тынбай ізденетіндігі арқасында аудан тарихшыларының көш басында жүргендердің қатарынан табылып келеді.