Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазалылық ардагерлерге 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазалы ауданы бойынша қазіргі таңда 9 соғыс ардагері бар: Мырзатаев Пірназар, Алмахов Әбжами, Әуесбаев Лепес, Бағыберген Күлмұрат, Абдуллин Шариф, Аскаров Кайрадин, Тубабергенов Тлеуберген, Смағұл Қабақ, Бектұрғанов Қалеп.

Қазалылық ардагерлерге 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі - Қызылорда облысы

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына біржолғы әлеуметтік көмек төленбек. Республикалық бюджеттен 100 мың теңгеден, облыстық бюджеттен 150 мың, аудандық бюджеттен 79280 теңгеден (40 айлық есептік көрсеткіш) берілмек,-деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, аудан көлемінде бұрын тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй сатып алуды қамтамасыз ету және тұрғын үйлерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Және Ұлы Отан соғысының батырларына, соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштер мен обелискілерді жөндеуден өткізу, күтімін қарау, Жеңістің 70 жылдығына арналған көркейту - көгалдандыру және тазалық сенбіліктері ұйымдастырылуда.

Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Қазалы ауданы бойынша арнайы кітап жазылуда.

«Естелік эстафетасы» делегацияларын (майдангерлердің отбасы мүшелері, соғыс ардагерлері) ТМД аумағындағы Қазақстандық жауынгерлердің ұрыс және жерленген жерлерге, батыр қалаларға және әскери Даңқ қалаларына бару жұмыстары ұйымдастырылуда. Және ардагерлерге «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» құрмет ордені мен мерекелік медалы ұсынылмақ.