Қазан қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысы өтті

АСТАНА. 10 қазан. ҚАЗаҚПАРАТ - Кеше Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Қазан қаласындағы отырысында Кеден одағы шеңберінде бірқатар шешімдерді, оның ішінде кейбір тауарлар түрлеріне қатысты Кеден одағының біріңғай кеден тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін белгілеу туралы келісімдерді мақұлдады.
None
None

Бұл туралы ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сонымен қатар, отырыста «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» және «Ет және ет өнімдерінің қауіпсізідігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенттері мақұлданды.

Қазақстандық тарапты басқарған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Қазан қаласында интеграциялық процестерді ары қарай дамыту бағыттарын белгілеудің негізгі тәсілдері талқыланғанын атап өтті. Бұл өз кезегінде келешектегі Еуразиялық экономикалық кеңесті қалыптастыру және дамыту үшін негіз болып табылады.

Сонымен қатар бәсекелестікті дамыту және оның ережелерін сақтау, кедендік заңнаманы жетілдіру, Кеден одағаның сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасын өзгерту мәселелері талқыланды.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан, Ресей және Беларусь өкілдері кездесу қорытындысымен қанағаттанғандарын және одан кейін Кеден одағы мен Біріңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өзара қарым-қатынасты нығайтуға және жетілдіруге ниет білдірді.

24 қазанда Минскіде мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы өтетіні белгілі. Онда еуразиялық интеграцияны дамыту, келешектегі Еуразиялық экономикалық кеңесті қалыптастыру мәселелері талқыланатын болады.

Еуразиялық экономикалық комиссиясы 2011 жылы Ресей Федерациясы, Қазақстан және Беларусь Президенттерінің шешімімен Кеден одағы және Біріңғай экономикалық кеңістіктің біріңғай тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы ретінде қабылданған болатын. Қазіргі таңда оның құрамына Ресей Федерациясы, Беларусь, Қазақстан кіреді.

Соңғы жаңалықтар