Қазанның 2-сі күні Астанада «Қазақстан-Бразилия: ынтымақтастық перспективалары» атты бизнес-форум өтеді
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазанның 2-сі күні «Рэдисон САС» қонақүйінде Бразилия Федеративті Республикасының Даму, өндіріс және халықаралық сауда министрінің орынбасары Иван Жоао Гимараес Рамальоның Қазақстанға сапары аясында «Қазақстан-Бразилия: ынтымақтастық перспективалары» атты бизнес-форум өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Форумға әуе, тау-кен, энергетика, металл өндіру, байланыс, медицина, химия, ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп және тамақ сияқты түрлі сала өкілдерінен құрылған 20-дан аса бразилиялық компаниялар қатысады деп күтілуде. Шараны Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешов ашады. Сондай-ақ форум жұмысына «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «Қазагро», «Қазақстан даму банкі» сияқты акционерлік қоғамдардың өкілдері атсалысады.