«Қазатомөнеркәсіп» АҚ жапондық компаниялармен өзара әріптестікті дамыту бағытында бірқатар құжаттарға қол қойды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қол қойылған құжаттардың қатарында Үлбі металлургия зауытының (ҮМЗ) қызметін пайдалану, «ҮМЗ» мен NFI арасында уранның гексафторидін ,NFI скраптарын қайта өңдеу, уран гексафторидін қайта өңдеуге байланысты меморандум бар. Бұл келісімдер бойынша Үлбі металлургия зауыты уранның диоксид ұнтақтарын (UO2) өндірісіне пайдаланбақ. Бұл өнім кейін Жапониядағы NFI компаниясының тиісті қуаттарында отын таблеткаларын дайындауға шикізат ретінде қолданылатын болады. Келісімге сәйкес ҮМЗ болашақта өзі үшін тағы жаңа бағытты - регенерацияланған ураннан алынған UF6 реконверсиялауды қолға алады. Бұл жобаларды жүзеге асыра бастаудың алдын ала болжанған мерзімі атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану туралы Қазақстан мен Жапония арасындағы үкіметаралық келісімге қол қойылуына байланысты 2010-2012 жылдарға белгіленген. Құжаттарда үкіметаралық келісімге қол қойылған соң ғана келісімдердің іс жүзінде жүзеге асыра басталатындығы айтылған.
«Бүгінгі оқиға - барлық мүдделі тараптардың көп жылдық жемісті де жанкешті жұмыстарының нәтижесі. Бұрын біз мұндай қызметтерді Солтүстік Америка мен Еуропада орналасқан компаниялардан сатып алатынбыз. Енді міне, Азиядан осындай жеткізіп берушіні тапқанымызға қуаныштымыз», - деп атап көрсетті Kansai Electric Power Co, Inc. өкілі Кимура Казуо мырза.