Қазатомөнеркәсіп пен Жапонияның «Тошиба» компаниясы бірлескен кәсіпорын құрады

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ мен Жапонияның «Тошиба» компаниясы бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды.
None
None

Келісімге сәйкес, біріккен кәсіпорын сирек кездесетін металл өнімдері мен сирек кездесетін жерасты өнімдерін іздеу, өндіру, өңдеу, зерттеумен айналысады. Алдағы 2 жылда кәсіпорын сирек кездесетін металдарды алу мен терең өңдеудің техника-экономикалық негіздемесін жасаумен, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы сирек металдарды өндіруге арналған жаңа технологиялық өндіріс орындарын құрудың экономикалық тиімділігін зерттеумен шұғылданбақ.

Сирек кездесетін металдарды зерттеу мен өндіру Қазатомөнеркәсіп үшін жаңа бағыт болып отыр. Өйткені сирек металдардың физика-химиялық ерекшелігі жоғары. Олар машина жасау, металлургия, атом энергетикасы, химиялық өндіріс, ауылшаруашылығы мен медицинада пайдаланылады. Оларсыз заманауи двигателдер, медицианалық техникалар, компьютерлер, аэрокосмос құралдары жасалмайды. Қазіргі кезде Жапония сирек кездесетін металдар негізінде жоғары технологиялық өнімдердің 50 пайызын өндіреді.

Соңғы жаңалықтар