«ҚазАтомӨнеркәсіп» президенті В.Школьник бастаған делегация Парижде бірқатар келіссөз өткізді

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - «ҚазАтомӨнеркәсіп» президенті Владимир Школьник бастаған делегация Парижде елші Нұрлан Дәненовтың қатысуымен Францияның экология, орнықты даму, көлік және тұрғын үй министрі Натали Косюшко-Мориземен және Францияның Атом энергиясы және энергияның балама көзі жөніндегі комиссариаттың бас директоры Бернар Бигомен келіссөздер өткізді,
None
None

деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Француз министрі Астананың саясатын және қоршаған ортаны қорғау және энергияның орны толатын көздерін дамыту саласындағы Қазақстан үкіметінің шараларын айрықша ықыласпен тыңдады. Келешегі кемел бірлескен жобаларға мүдделілік білдірген француз министрі, экология саласындағы қазақстандық бастамаларға қолдауын жеткізді.

Атом энергетикасы жөніндегі комиссариаттың штаб пәтерінде Владимир Школьник пен Бернар Биго энергияның балама көздерін дамыту саласына қатысты ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат бірлескен жобаларды жүзеге асыру ісінде, атап айтқанда Астанада күн батереялары панельдерін шығаратын өндірісті салу ісінде жаңа перспективалар ашатындығы баса атап көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар