«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM - Бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Тергеу
Фото: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Бас көлік прокуратурасымен бірлесе отырып, бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлын ұстады.

Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. 

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды.