«ҚазАвтоЖол» жолдары қауіп тудыруы ықтимал өңірлерді атады

АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» мекемесі ауа райына байланысты жолдарында қауіп туындауы мүмкін өңірлерді атады.

көлік
Фото: СҚО ПД

Кәсіпорынның мәліметтеріне қарағанда, 2026 жылғы 19 қаңтарда Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар мен боран болуы мүмкін.

Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерген абзал. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Осыған дейін «ҚазАвтоЖол» ел өңірлеріндегі жолдағы ахуал туралы мәлімет берген еді.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум