Қазавтожол жүргізушілерге ауа райы жағдайына байланысты ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» қалың қар мен боранға байланысты жүргізушілерге ескерту жасады.

Астана боран
Фото: Kazinform / Әділет Беремқұлов

- 2026 жылғы 4 наурызда Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Түркістан, Павлодар және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар жауып, боран соғуы ықтимал, - делінген хабарламада.

Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтап, ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы ақпараттарды назарда ұстаған жөн.

Осыған дейін елімізде жабық тұрған жолдар туралы ақпарат бердік.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум