Қазфосфат жаңа 4 өнім шығаратын болады - Үкімет отырысы

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - «Қазфосфат» ЖШС 2020 жылға қарай жаңа 4 өнім шығаратын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.

«Гексаметафосфат натрий шығару игерілді. 2020 жылға дейін жаңғырту шаралары бойынша тағы да 4 жаңа өнімді шығару басталады»,- деді ол.

Ә.Исекешевтің атап өтуінше, кәсіпорын жаңғыртылғаннан кейін қызметкерлер саны 270 бірлікке артып, 6150 адамға жетеді. Еңбек өнімділігі 4 есе ұлғайып, өнімнің энергия сыйымдылығы 30 пайызға төмендейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазфосфат» кәсіпорны 2010-2014 жылдарға арналған химия өнеркәсібін дамыту салалық бағдарламасы аясында жаңғыртылуда.

Соңғы жаңалықтар